Бүгінгі цифрлық дәуірде интернет – білім мен байланыс құралы ғана емес, қауіп те төндіруі мүмкін орта. Сол себепті *желідегі қауіпсіздік ережелерін сақтау – өте маңызды!
ЖЕЛІДЕ ҚАУІПСІЗ БОЛУ ҮШІН:
Жеке ақпараттарыңды (аты-жөнің, мекенжайың, мектеп, суреттер) бөгде адамдарға жіберме.
Бейтаныс адамдармен сөйлеспе, күмәнді сілтемелерге өтпе.
Әлеуметтік желілерде кибербуллингке жол берме, өзгелерге құрметпен қара.
Құпия сөздеріңді өзгелерге айтпа.
Уақытыңды тиімді пайдаланып, пайдалы контент қарауға тырыс.
Интернет – пайдалы құрал. Бірақ оны ақылмен пайдалану – өз қауіпсіздігіңнің кепілі!