25 Қазан — Республика күні қарсаңында мектебімізде патриоттық рухты көтеруге бағытталған челлендж ұйымдастырылды.
Челленджді орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі бастап, өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Олар бұл эстафетаны ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне жолдады.
Әр ұстаз өз шеберлігін, креативтілігін көрсетіп, Республика күніне арналған құттықтаулар мен шығармашылық жұмыстар арқылы мерекенің маңызын ашып көрсетті.
Челлендж мектеп ұжымының бірлігін, отанға деген құрметін айқын көрсетті.
Баршаңызға алғыс білдіреміз!