2025 жылғы 28 қазанда мектеп кітапханасында күзгі каникул кезінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Демалыста кітап оқимыз» атты акция ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын байытып, шығармашылық қабілетін дамыту, кітап оқу арқылы ойды жүйелі жеткізуге баулу.
Іс-шара барысында оқушылар көркем әдебиеттер мен ертегі кітаптарымен танысып, өздеріне қызықты шығармалардан ерекше әсер алды. Мұндай акциялар балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Кітап – білім мен рухани дамудың көзі. Қанша жерден технология дамыса да, кітаптың алатын орны мен әсері әрдайым ерекше болып қала береді.