Бүгін мектебімізде *6-сынып оқушыларының қатысуымен патриоттық әндер фестивалі – «Әндер тонасы»* жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік, елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және өнерге деген қызығушылықты арттыру.
Оқушылар жүрекпен шырқалған патриоттық әндер арқылы өз елін, туған жерін сүюдің үлгісін көрсетті. Әр сыныптың өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ерекше әсер қалдырды.
Барша қатысқан оқушылар мен жетекші ұстаздарға алғысымызды білдіреміз!
Отан – отбасынан басталады, патриоттық рух – мектептен қалыптасады!